Құрметті Отан қорғаушы – сарбаздар! Ардақты ардагерлер!

Баршаңызды айбыны асқақ, тағылымы терең, рухы биік айтулы мереке – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 32 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз қашанда «Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіре білген халықпыз.
Еліміздің әр азаматы өз Отанымыздың қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін қорғауға үлес қосуға міндетті. Отан қорғаушылар күні – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие азаматтардың мерекесі.

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бақ- береке тілейміз.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
Ұлытау аудандық мəслихатының төрағасы.