Қарағандылықтарды ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне шақырады
Кезекті облыстық ауылшаруашылық жәрмеңкесі 7 қарашада «Global City» КТО аумағында өтеді (134-ші есеп кварталы, 921-ші құрылыс). Жәрмеңкеде ауылшаруашылық, ет-сүт және жеміс-көкөніс өнімдері сатылады.
Қарағандылықтарға ыңғайлы болу үшін желіге «Глобал Сити» жәрмеңкесі» деген жазуы бар төрт тегін автобус шығады. Олар 09.00-ден жүре бастайды және 17.00-де тоқтайды.
Бірінші тегін автобус ДСК-тан жөнелтіліп, Бұқар жыраудың барлық орталық аялдамалары арқылы өтеді. Екіншісі техникалық университеттен басталып, Гоголь көшесінің барлық аялдамалары арқылы өтеді.
Үшінші автобус бағыты — 23-ші шағын аудан, Попов көшесі, «Гелиос», 20-шахта, Фурманов көшесі, Бұқар жырау даңғылы, Приканальная көшесі, Степной-2 шағын ауданы — Magnum, Global City КТО.
Пришахтинскіден автобус қозғалысы 09.30-дан басталады (әр 2 сағат сайын); Global City-ден — 10.30-дан (әр 2 сағат сайын).
Төртінші автобус — РГТО, Кольцевая, Литейная, Энергозавод, Федоровка, Әскери кафедра, «Одежда» дүкені, Четская көшесі, Волочаевская көшесі, KAZMART — Гудермесская көшесі, ескі әуежай, Global City КТО.
Сондай-ақ, көтерме сауда орталығына қоғамдық көлікпен жетуге болады (автобустар №40, 34, 56, 5, 146, 02, 29).