ЖАҢААРҚАДА 120 МЕТРЛІК МЕТЕОМАТЧТА ОРНАТЫЛДЫ
Осылайша, Ұлытау облысында жел электр станциясын салудың алғышарты жасалды. Арнайы қондырғылары бар 120 метрлік діңгектің міндеті – желдің қуатын өлшеу. Метеоматчта күн батареяларынан автономды электрмен жабдықтау жүйесіне қосылған.
Орнатылған құрылғылардың арқасында желді өлшеу деректері, ауа-райы туралы басқа да деректер сигналдар арқылы қабылдау аппаратурасына беріледі.
Жел мониторингін жасау – монтаждау сәтінен бастап есептегенде шамамен бір жыл ішінде жүргізіледі, кейін метеомачта бөлшектеледі. Нәтижесінде энергия әлеуеті туралы тиісті есеп жасалып, станция салу туралы нақты шешім қабылданады.
Метеомачтаны жеткізу және монтаждау бойынша мердігер – қытайлық «Рower China» (мемлекеттік құрылыс энергетикалық корпорациясы) компаниясы. Монтаждау тобы Жаңаарқа ауданында жобалау-іздестіру жұмыстарына бөлінген учаскенің орталығында метеомачтаны орнатуға іргетастарды дайындау жұмыстарын жүргізген болатын.
Айта кетейік, былтыр Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, отандық инвестор «ТехноГруппСервис» ЖШС және қытайлық «Sino Hydro Engineering Bureau 4» арасында Ұлытау облысында жаңартылған энергия көздері жобаларын іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.