Ұлытау облысының тұрғындарының назарына!
Ұлытау облысының әкімдігі мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың меншік нысанына қарамастан барлық қызметкерлерін ағымдағы жылдың 6 сәуірінде сағат 10:00-ден басталатын жалпыоблыстық сенбілікке қатысуға шақырады!
Сенбілік жұмыстары облыс бойынша қалалар мен аудандар, елді-мекендер аумағын қоқыстан тазарту және халықты тазалыққа, бірлікке, жауапкершілікке шақыру, экологиялық сауаттылықты үгіттеу мақсатында жүргізіледі.
Осыған орай, Ұлытау облысының қалалары мен аудандарының тазалығын сақтау үшін баршаңызды жалпыоблыстық сенбілікке белсенді қатысуларыңызды сұраймыз!