Күн тәртібінде – кәмелетке толмағандар ісі
Аудан əкімдігінде аудан əкімінің орынбасары Алмат САКИПОВТЫҢ төрағалығымен кəмелетке толмағандар ісі жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Комиссия отырысына Ұлытау ауданы прокуратурасының аға прокуроры Дінмұхаммед КЕҢЕСОВ, комиссия мүшелері жəне ZOOM платформасы арқылы ауыл, кент əкімдері қатысты.
Күн тəртібінде балалар үшін елді-мекендерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен аналық қамқорсыз қалған үш баланың əлеуметтік мəртебесін анықтау мəселелері қаралды. Жиында жауапты мемлекеттік органдардың, кент-ауыл əкімдерінің есептері тыңдалды. Жиын қорытындысы бойынша қаралған сұрақтарға қатысты құзырлы органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Ұлытау ауданы əкімінің баспасөз қызметі.