Облыста ҚР Президентінің атынан ауызашар берілді
Ауызашарға Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, өңірдің қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен өндіріс озаттары, интернационалист-жауынгерлер мен Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушылар, көп балалы аналар, діндарлар, жастар шақырылды.
Айта кетейік, биыл Рамазан айы ҚМДБ бекіткен арнайы кестеге сәйкес, 11 наурыздан 9 сәуірге дейін жалғасады. Ал Қадір түні сәуірдің 5-інен 6-сына қараған түні күтіледі.