Құрметті ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Қыз-келіншектер!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күнімен Ұлытау облысының ер-азаматтары атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Əлемнің бар мейірімі, тіршіліктің қайнар көзі, адамгершіліктің бастауы – əйел затының аялы алақанында. Отанға деген сүйіспеншілік, қайырымдылық пен іңкəрлік баршамыздың бойымызға қасиетті ана сүтінің арқасында дарыған. Ізгіліктің жолын қалыптастыратын асыл жандардың мерекесі — сыйластық пен асқан құрметті жоғары дəрежеде дəріптейтін атаулы күн.
Қазіргі таңда өңіріміздің өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып, бала тəрбиесі жолында аянбай еңбектеніп келе жатқан 8247 əйел азаматы бар. Жаратылысы нəзік болса да, нардың жүгін арқалап жүрген асыл жандардың мерекесіне орай биыл 165 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, «Алтын алқа», «Күміс алқа», бұрын «Батыр ана» атағын алған жəне төрт одан да көп баласы бар аналарға 20 мың теңгеден бір реттік əлеуметтік төлем қарастырылды.
Өзіміз білетіндей, облысымыздың өркендеуі үшін қызметтің əр саласында мамандығы алдында ыстықсуыққа қарамай еңбектеніп келе жатқан аяулы қызкеліншектеріміз жетерлік. Олардың қатарында дəрігерлер, мұғалімдер, журналистер, кəсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер тіпті металлургтер мен кеншілер, сақшылар, судьялар, өрт сөндіру ісіндегі аруларымыз бар.
Қадірменді əйелдер қауымы!
Көктемнің шуағын ала келетін сұлулықтың мерекесінде сіздерге зор денсаулық, өмірлеріңізге шаттық, бастарыңызға амандық, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз. Мейірім мен махаббатқа толы жүректеріңізде қуаныш орнасын!
Берік ƏБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.
Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ,
Ұлытау облыстық мəслихатының төрағасы.