СӘТБАЕВ – ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА

Биыл кеншілер қаласында 900 орындық заманауи мектептің құрылысы басталып, 250-ге жуық жеке үй кәріз желісіне қосылады. Бұл жайында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында сондай-ақ қалаға жылы аялдама қою мәселесін қарастыру ұсынысы қойылды.

Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмат Саухимов даму бағдарламасы аясында биыл атқарылатын жұмыстарға кеңірек тоқталды.

Атап айтар болсақ:

  • 14 көшенің жолы орташа жөндеуден өтеді;
  • 5 футбол, 5 волейбол мен баскетбол, 25 ойын алаңы орнатылады;
  • 25 жаттығу кешені орнатылады;
  • 25 үйдің қасбеті күрделі жөндеуден өтіп, 25 үйдің төбесі жөнделеді;
  • Жаңа үлгідегі 20 аялдама орнатылады;
  • 4 аллея бой көтереді;
  • Тәуелсіздік көшесінде 56 пәтерлі несиелік тұрғын үй қүрылысы аяқталады;
  • Жеке инвестор есебінен 30 пәтері үй қолданысқа беріледі;
  • Жаңа емхана құрылысы басталады;
  • 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталады;
  • Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары өз жалғасын табады.