Нысан құрылысы – бақылауда
Жезқазған қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы биыл қазан айында аяқталады. Бұл жайында бүгін Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлының нысанға жұмыс сапары барысында айтылды. Сондай-ақ кешенде ұзындығы 25 метр болатын 4 жолақты бассейн орналасады. Нысанның жалпы аумағы 8000 шаршы метрге жуық.
Мердігер ұйым «Tansu construction» ЖШС өкілінің айтуынша, жұмыс режимі екі ауысымда қызмет ету сатысына көшіріліп жатыр. Мақсат – ғимарат жұмыстарын белгіленген уақыттан ертерек аяқтау.
320 көрерменге шақталған үш қабатты ғимарат бес блоктан тұрмақ.
Сонымен қатар ғимаратта:
• Бокс залы
• Теннис корты
• Жаттығу залы
• Футбол алаңы
• Киіну бөлмесі
• Әмбебап зал
• Көркем гимнастика залы
• Көрермендерге арналған 320 адамдық трибуна
• Акт залы болмақ.
Кешен аумағында көлік тұрағы, асфальт жабыны, пандус және көгал т.б. абаттандыру жұмыстары қарастырылған.