Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құны – қатаң бақылауда
Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша бірқатар шара қабылдануда. Мәселен: тауар интервенциясы, күзгі көкөністер мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ассортиментін ұлғайту, тауар өндірушілермен тікелей сауда байланыстарын жолға қою, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу.
Өткен жылы 2022 жылмен салыстырғанда біздің өңірде бағаны нан, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы және қант тауарларының бағасын қалыпқа келтіруге мүмкіндік туды.
2024 жылдың ақпанында өз кезегінде тоғыз санат бойынша төмендеу тіркелді. Олар: макарон өнімдері (0,8%-ға), күріш (1,1%-ға), қарақұмық жармасы (1,5% -ға), күнбағыс майы (0,6% -ға), сүзбе (0,6% -ға), картоп (0,5% -ға), сәбіз (4,8%), пияз (5,2%), қырыққабат (0,9%).
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қалыпта ұстау мақсатында облыста қолға алынатын инвестициялық жобалардың арқасында бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасын табады.