Қауіпсіздік бейқамдықты кешірмейді

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Пішембаевтың Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында бейінді басқармалар мен ведомстволардың басшылығымен, қалалар мен аудандардың әкімдерімен кездесу өтті.

Кездесуде газбен жабдықтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, тұрмыстық газ баллондары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша нақты мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы Қ.Есенеевке және қалалар мен аудандардың әкімдеріне тұрғындармен, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарымен ұйымдастырушылық-практикалық іс-шараларды және ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.

Мақсаты – тұрмыстық газ бен газ жабдықтарын (газ плиталары, тұрмыстық газ баллондары) қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау.