Ұлытау облысында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Нысан – «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының аясында Ұлытау ауданының Сарысу ауылында қолданысқа берілді. Ғимарат – бір ауысымда 25 адамды қабылдауға қауқарлы.
Жаңа ФАП заманауи түрде толықтай жабдықталған. Атап айтар болсақ, киім ілу бөлмесі, шаруашылық – тұрмыстық бөлме, вестибюль-күту аймағы, персоналға, пациенттерге, оның ішінде мүгедектерге арналған санитарлық тораб бөлмесі, зарарсыздандыру бөлмесі, ақпараттандыру, егу кабинеті, әйелдерге арналған қарау бөлмесі, акушер кабинеті, ем-дом жасау бөлмесі, фельдшер кабинеті, химизатор кабинеті т.б. бар.
Айта кетейік, биыл облыста тағы жеті фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы жоспарда тұр.