Берік Әбдіғалиұлы: «Энергетика – экономиканың басты тетігі»
Ұлытау облысында энергетикалық жүйелерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі еленді.
Энергетиктердің кәсіби мерекесінің қарсаңында облысты жылу және жарықпен қамтамасыз ету жолында еңбек етуші бірқатар маманға Ұлытау облысының және Жезқазған қаласының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің, сондай-ақ қала әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.
«Бүгінгі таңда облысымызда энергия өндіруші және таратушы 11 мекеме жұмыс істейді. Ол жақта 2.5 мыңнан астам қызметкер тұрғындарды жайлылықпен қамтамасыз ету жолында тер төгіп келеді. Бұл ретте әр қызметкердің осы саладағы өз орны мен қолтаңбасы бар екенін айта кеткен жөн» –деді өз құттықтауында өңір басшысы.
Бұл айтулы күн – турасын айтқанда жылдың ең жарқын мейрамдарының бірі. Кәсіби мерекелеріңізде жұмыстарыңызға табыс, еңбектеріңізге береке, тәуекелді талап ететін істеріңізге жеміс тілейміз, құрметті энергетиктер!