Ұстаздарға автоматты награда беру қағидасы енгізіледі

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

— Мектеп пен колледж оқытушыларына былай шештік. Модератор алған адам бірден министрдің Алғыс хатын автоматты түрде алады. Сол сияқты сарапшы болса — Құрмет грамотасын. Ол еңбек қой. Еңбектеніп жетті. Ары қарай зерттеуші болса «Қазақстан білім беру саласының үздігі» төсбелгісін, ал мастерге жетсе онда автоматты түрде Ыбырай Алтынсарин медалін иеленеді, — деді ол.