Бас мүфти Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Бас мүфти Жезқазған кен байыту фабрикасына барып, жұмыс барысымен танысты.

Кездесу барысында Наурызбай қажы Тағанұлы фабрика қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, ел игілігі үшін арнайы дұға жасады.

Келесі кезекте ҚМДБ Төрағасы облыс орталығында салынатын жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Бас мүфти жаңа мешіт құрылысын жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігіне және қауіпсіздік іс-шараларын сақтау мәселесіне назар аударды.
Айта кетейік, бүгінде Жезқазған қаласында 1 мешіт бар. Облыс орталығында бой көтеретін жаңа мешітте енді бір мезетте 2 мың адам құлшылығын өтей алады. Құлшылық ордасында кітапхана, білім орталығы салынады деп күтілуде.