«Жанайдар Сәдуақасов – тұлға тауқыметі»
Ұлытау облысында осындай тақырыппен республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Ол мемлекет жəне қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жанайдар СƏДУАҚАСОВТЫҢ 125 жылдығына арналды.
Іс-шара Ұлытау облысының мəдениет, тілдерді дамыту жəне архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді. Оның жұмысына тарих ғылымдарының докторы, академик Ханкелді Əбжанов, тарих ғылымдарының кандидаты Перизат Сəдуақас, заң ғылымдарының докторы, профессор Жамаладин Ибрагимов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Теңгеш Қаленова, тарих магистрі Ғабдол Əуезов жəне басқалары қатысып, баяндама жасады.
Конференция барысында ғалымдар Жанайдар Сəдуақасовтың өнегеге толы өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты тың деректер айтып, ұлт қайраткерінің мемлекеттік тілдің мəртебесін көтерудегі, елдің əлеуметтікмəдени дамуына қосқан еселі еңбегіне тоқталып, саяси қуғынсүргінге ұшыраған Алаш ардақтысының басынан кешкен тағдыр тауқыметі мен өмірінің соңғы жылдары туралы айтып берді.
Конференция қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылданып, Ж.Сəдуақасовтың өміріне қатысты ғылыми зерттеулер мен көркем шығармаларды жариялауға мемлекеттік гранттарды қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ ғалымдар облыс, аудан əкімдіктеріне ғылыми жəне қоғамдық мекемелермен бірлесіп жас ұрпақты кең ауқымда жəне жүйелі түрде таныстырып, отаншылдық рухта тəрбиелеу мақсатында қазақ зиялыларының өмірі мен қызметіне қатысты ғылыми-танымдық іс-шараларды жиі өткізуді ұсынды.
Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.