ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕНІҢ ТҮЙІНІ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ

2023 жылдың 26 қыркүйегінде Ұлытау облысы әкімінің тапсырмасымен Ұлытау облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының өкілі «СЖЖК» ЖШС-не барып, биыл тамыз айы бойынша жұмыскерлер алдындағы жалақы берешектері жөнінде басшылық құраммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кәсіпорын басшылығы есеп шоттарының бұғатталуына байланысты жұмыскерлерге жалақы төлей алмай отырғандарын түсіндіре отырып, аталған мәселе жақын арада шешілетінін баяндады.

Өз алдына, Ұлытау облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарамасы еңбек заңнамасына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, мәселені заң аясында шешу мақсатында жұмыскерлерге жалақы және әлеуметтік төлемдер төленбегендігі жөнінде арыз-шағымдар жолдау қажеттігін түсіндірді.

Арыз-шағымдардың негізінде тексеру жұмыстары тағайындалатын болады.
Бұл сұрақ Ұлытау облысы әкімінің қатаң бақылауында.