ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Ұлытау аудандық мәдениет үйінде «Ұлылығың — ұрпаққа» жобасы аясында «Жалынды жас» номинациясы бойынша аудан жастарын марапаттау рәсімі өтті.
Жалпы, байқауға аудан бойынша 10 ауылдан 14-35 жас аралығындағы 34 қатысушы өтінім беріп, оның ішінде 10 түрлі номинация бойынша аталмыш байқау жанындағы комиссия мүшелерінің шешімімен 10 жас үздік деп танылып отыр.
Марапаттау рәсімінде аудан әкімінің атынан аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбекұлы ауданымыздың өз салалары бойынша еңбек етіп жүрген жастардың еңбектеріне жемісті еңбек тілеп, марапаттау рәсімін жасады.
“Жалынды жас — үздік ұстаз” номинациясының жеңімпазы Маржан Бөрібай (Ұлытау селосы).
“Жалынды жас — абзал жан” номинациясының жеңімпазы Тоқжан Мүгір (Қоскөл ауылы).
“Жалынды жас — үздік кәсіпкер” номинациясының жеңімпазы Жанбол Амангелді (Борсеңгір ауылы).
“Жалынды жас — үздік мобилограф” номинациясының жеңімпазы Ғалима Қази (Байқоңыр ауылы).
“Жалынды жас — жақсылық жаршысы» номинациясының жеңімпазы Ақбота Есенқабыл (Ұлытау селосы).
“ Жалынды жас — жалынды жас — ерлік” номинациясының жеңімпазы Сырлыбай Төлеген (Ұлытау селосы).
“Жалынды жас — «ЖасStar»” номинациясының жеңімпазы Ерден Шәкарман (Ұлытау селосы).
“Жалынды жас — Үздік блогер»” номинациясының жеңімпазы Ақерке Үсенова (Сарысу ауылы).
“Жалынды жас — үздік спортшы»” номинациясының жеңімпазы Сералы Әбілқасым (Қарсақбай кенті).
“Жалынды жас — Батырлан Баймағамбетовтың әндерін үздік орындаушы” номинациясының жеңімпазы Нұрлан Мұсабеков (Мибұлақ ауылы) атанып отыр.
Барлық номинациялар бойынша жеңімпаздардың әр қайсына арнайы сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ, байқауға өтінім білдірген барлық қатысушыларға аудан әкімінің Алғыс хаттары берілді.
Марапаттау рәсімінен кейін аудан тұрғындарына қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Дәурен Сейтжанов әсем әндерін орындады.