«Отбасы банктің» қызметі қайта қаралады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Отбасы банк» қызметін қайта қарауды тапсырды.
«Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моноқалаларға жəне ауылдарға аударған жөн», — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, Президент мемлекеттік қолдау шараларын өндірістің технологиялық күрделілігіне жəне бизнестің нақты түріне қарай жіктеу маңызды екенін жеткізді.
«Оның операциялық тиімділігі жоғары болуы да өте маңызды. Сондықтан «Бəйтерек» холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландырған жөн. Бəсеке дамымаса, бизнес те өркендемейді. Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кəсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды», — деді Президент.
Бұл жаңалық мені ерекше қуантты. Себебі, ауылдық жерлерде тұратын жандар үшін зор мүмкіндік болмақ. Бұған дейін ауылдан үй алу үшін банктен қаражат берілмейтін. жəне кепілге қоюға жарамайтын. Президентіміз өз Жолдауында осы мəселені қайта қарауды тапсырды. Тұрғындарға тиімді, жаңа бағдарламалар іске қосылады деп сенемін.
Айгүл ИСАБАЕВА,
ауыл тұрғыны.