АУЫЛ МЕКТЕБІНЕ АУҚЫМДЫ КӨМЕК

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы Талап ауылындағы №14 ЖББ мектебіне барып, білім ордасының жай-күйімен танысты.

Өңір басшысы жаңа үлгідегі қазақ тілі, ағылшын, биология, химия пәні кабинеттері мен педагогикалық-психологиялық қолдау кабинетін аралап, мектеп музейімен танысты.

Сонымен қатар Берік Әбдіғалиұлы құрал-жабдықтармен толыққанды жабдықталған спорт залды аралап көрді.

Айта кетейік, республикалық «Батыр боламын» қоғамдық ұйымы 8 000 000 теңге көлеміндегі қаражатқа мектеп оқушыларын қазақша күрес, бокс секциясына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен болатын.

Сондай-ақ, аталмыш мектепке биылғы 2023-2024 оқу жылы қарсаңында жаңа үлгідегі STEM кабинеті берілді. Кабинет бағдарламасы биология, химия, физика, математика пәндерінің оқыту жүйелерін қамтиды.

Келесі кезекте облыс әкімі №14 ЖББ мектебіне тартылған газ жүйесімен танысты.

Жылу қазандығына жауапты мердігер: ЖШС ТОО «BAR Group kz». Жобаның жалпы құны — 16 864 285 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта «Газ Транс» арнайы мекемесінің рұқсатымен мектепке газды қосу жоспарлануда.

Білім ордасының жұмысымен танысқан облыс әкімі мектеп мұғалімдеріне алғысын білдіріп, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.