Ұлытау облысында кірпіш зауыты ашылды
Жаңа зауыт жылына 20 млн. кірпіш өндіруге қауқарлы. Биылдың өзінде жыл аяғына дейін 5 млн.өнім шығару көзделіп отыр.
Ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы арнайы қатысып, игі бастама жаңа облыстағы инфраструктураның дамуына жол ашатынын жеткізді.
«60-тан астам жаңа орын ашылып, ұлытаулықтар тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Онымен қоса, Ұлытау облысының құрылыс-монтаждау объектілері, құрылыс базарлары өз өнімімізді қолданады. Бұл – барлығымыз үшін де игі бастама деп білемін» – деді өңір басшысы өз сөзінде.
Жеке кәсіпкер Телібай Бекмұратовтың айтуынша кірпіш құрамындағы өнім жоғары сапада.
Айта кетейік, жаңа зауытта М125-М200 беріктігі бойынша жоғары маркалы тас шығару жоспарлануда.