Жастарды қолдау – болашақты қорғау
Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау бойынша облыстық Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес төрағасы Ұлытау облыстық мәслихат депутаты Еркебұлан Молдашов жиынды ашып жүргізді. Аталмыш іс-шараға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері және жастар саясаты мәселесі төңірегінде еңбек етіп жүрген азаматтар қатысты.
Күн тәртібінде «Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру. Мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігі мәселесі көтерілді. Бұл сұрақ бойынша Ұлытау облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Мұхан Дархан Қабылдашұлы баяндама оқыды.
Кеңес аталған тақырып бойынша жастардың тұрғын үйді алу жолдарын сатылай түсіндіріп, қандай ықпал ете алатыны бойынша сөз қозғады.
Күн тәртібі бойынша баяндамашылар мен қатысушылардың пікірлері тыңдалып және талқылаға салынды. Кеңестің келесі отырысында осы мәселе төңірегінде қабылданған шешімдерді қарастыратындарын жеткізді.
#ЖастарКеңесі #ЖастарРухы