Әскери қызметшілер МӘМС үшін төлеу керек пе?

Сақтандырылған мəртебесін алу үшін азаматтар өткен 12 айға немесе алдағы 12 айға жарна төлеуі тиіс. Сондай-ақ, жеңілдік санаттарына кіретін адамдарға мемлекет жарна төлейді. Ал əскери қызметшілер МƏМС төлемдерінен босатылған. Бұл ретте олар МƏМС жүйесінде сақтандырылған мəртебесін қалай ала алады? Осы жайында толығырақ білу үшін Əлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалының директоры Алибек БЕРДІБЕКОВТІ əңгімеге тарттық.

Əскери қызметшілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек ала алады. Осы екі пакет шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына қаражатты Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

ҚР «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сəйкес əскери қызметшілер МƏМС жарналары мен аударымдарынан босатылды, яғни жұмыс берушілер олардың жалақысынан ұстап қалуды жүргізбейді.

Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МƏМС жүйесінде əскери қызметшілердің мəліметтерін «Адамдарды арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесіне ЖСН көрсете отырып енгізілген əскери қызметшілер, құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері есебінен алады. Олар бойынша деректерді əскери бөлімдердің, əскери басқару органдарының қызметкерлері енгізеді. Қор жүйесінде əскери қызметшінің ЖСН-ы шыққан соң ол автоматты түрде сақтандырылған мəртебесін алады жəне жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылады», – деді Алибек Бердібеков.

«Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Заңның 50 жəне 52-баптарына сəйкес, əскери-медициналық мекемелер əскери қызметтен босатылған адамдарға жəне əскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін болады. Ол үшін қажетті нормативтік құқықтық база құрылды.

Директордың айтуынша, əскери-медициналық мекемелер ТМККК тізбесі жəне МƏМС жүйесіндегі медициналық көмек аясында тек əскери қызмет атқарып жүрген қызметкерлер ғана емес, сондай-ақ əскери қызметтен босатылған, əскери қызмет міндеттерін орындау кезінде ауруға шалдыққан, сонымен қатар, 20 жəне одан да көп жыл еңбек еткен адамдарға, əскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне, азаматтық персоналға, медициналық қызметтердің өзге де тұтынушыларына медициналық көмек көрсетеді.

«Əскери қызметшілерге азаматтық денсаулық сақтау желісінде медициналық көмек көрсету елдің барлық халқы сияқты, тіркелген жері бойынша емханада да жүзеге асырылады. Қолданыстағы заңнамаға сəйкес, келісімшарт бойынша əскери қызметшілердің отбасы мүшелері, сондай-ақ əскери қызметтен босатылған адамдар тіркелген денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық-емханалық көмек алады. Сондай-ақ, əскери-медициналық мекемелер мен тіркелген емханасы арасында бірлесіп орындау шарты болса, учаскелік дəрігер консультациялық-диагностикалық көмек алуға жолдама береді», — дейді филиал директоры.

Айта кетерлігі, осы санаттағы адамдарды əскери-медициналық мекемелерге жоспарлы стационарлық емдеуге жатқызу тіркелген медициналық мекемеде «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы жүзеге асырылады. Шұғыл жағдайларда əрі қатты ауырсыну кезінде емдеуге жатқызу жедел медициналық жəрдем немесе өз бетінше жүгіну бойынша жүргізіледі.

Əскерде борышын өтеп жүрген сарбаздар МƏМС жарналарын төлеу керек пе?

ҚР Қарулы күштерінде мерзімді əскери борышын өтеп жүрген сарбаздар да осы кезеңге жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған. Яғни, жұмыс істеп жүріп, əскерге кеткен азаматтар жарналар мен аударымдарды төлемеуі жəне олар үшін қарыз жиналмауы керек.

Сарбаздар туралы деректерді қорғаныс органдары жібереді. Егер қандай да бір себептермен мəліметтер уақытылы жіберілмей қалса, берешек пайда болады. Бұл жағдайда Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының атына берешекті жою туралы өтініш жазып, əскери билеттің сканерленген нұсқасын тіркеп kanc@fms.kz электрондық мекен-жайына жіберу керек.

Егер əскерде борышын өтеп жүрген азамат үшін жарна төленсе, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы қате төленген жарналарды қайтаруға өтініш бере алады.

Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгініңіз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз:

— fms.kz ресми сайты

— Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

-Telegramдағы SaqtandyryBot

— 1414 Бірыңғай байланыс орталығы

Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы жəне аударымдардың жəне (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мəртебеңізді тексеруге жəне жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.