Ұлытау аудандық мәслихатының кезекті V сессиясы өтті

Сессия жұмысына аудан әкімі Аманжол Мырзабеков және оның орынбасары, аудан әкімінің аппарат басшысы, мәслихат депутаттары, аудандық мекеме, бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Кент, ауыл әкімдері онлайн түрінде қосылды.

Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе Ұлытау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсанындағы XXVI сессиясының «Ұлытау ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» №188 шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин баяндама жасады.

Бұл мәселе бойынша аудан басшысы Аманжол Батырбекұлы қаражаттарды өзекті мәселелерге бөліну керектігін айтты. Әсіресе, аудан бойынша электр желілері мен ауыз су мәселесін ретке келтіру жұмыстарына баса назар аудару керектігін жеткізді. Бірінші кезекте кент, ауыл ішінде электр желісін ретке келтіруге қаржы бөлініп отыр.

Сессия барысында аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 мамырдағы V сессиясының «Ұлытау ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия туралы» №126 өзгерістер енгізу туралы. Сондай-ақ, аудан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту жөніндегі мәселелер қаралды.