Ресейге Қазақстанның әскери техникасын жөнелтіп жатыр деген ақпарат жалған – Қорғаныс министрлігі

«Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан  үшінші елдің меншігі болып табылады.
2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған», министрлік хабарламасында.