КЕҢЕСТЕ – ҰТЫМДЫ ОЙЛАР
Бүгін «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі облыстық Кеңес отырысы өтті. Жиын тізгінін Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты, Кеңес төрағасы Еркебұлан Молдашов ұстады. Басқосуға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, жастар саясаты мәселесі төңірегінде еңбек етіп жүрген азаматтар қатысты.
Күн тәртібінде «Жастар бастамалары үшін гранттық қаржыландыруды бөлудің тиімділігі туралы» мәселесі көтерілді. Бұл сұрақ бойынша кеңес мүшесі Ақансері Сүлейменов баяндама оқыды. Қазіргі таңда облысымызда өз ісін ашып, кәсіп дөңгелетемін деген 18 бен 35 жас аралығындағы жастар үшін түрлі бағдарламар және гранттар берілуде. Бірақ, сол грант берілгеннен кейін, ол істің ары қарайғы жұмысы ұалай жүруде, оны бақылайтын орган бар ма? Осы сынды сұрақтар осы кеңес отырысында талқыланды.
Күн тәртібі бойынша баяндамашылар мен қатысушылардың пікірлерін тыңдап және талқылағаннан кейін Кеңес жастарды қолдау бойынша берілетін облыс әкімінің грантының комиссия мүшелігіне «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау бойынша Ұлытау облыстық кеңесінің мүшелерінен 3 кеңес мүшесін комиссия мүшелігіне қатысуын сұрап, ұсыныс білдірді. Кеңестің келесі отырысында осы мәселе төңірегінде кеңірек зерттеп, талқылайтынын жеткізді.