Департаментте – жаңа басшы
Молдажанова Лаура Мүсілімқызы Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Л.Молдажанова Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласы Соттар әкімшісінің іс жүргізушісі болып бастаған.
Әр жылы Астана қаласы Соттар әкімшісінің аға сот орындаушысы, ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана қаласы сот актілерін орындау Департаментінің сот орындаушысы, ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана қаласы сот актілерін орындау департаментінің құқықтық және талдау жұмысы бөлімінің бастығы, департаменттің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау бойынша, ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін бақылау және ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
Бұған дейін ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті сот орындаушыларының қызметін бақылау және ұйымдастыру басқармасының басшысы қызметінде болды.