Басқармада – жаңа басшы
Дулат Рашидұлы Тулегенов Ұлытау облысы дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Дулат Тулегенов 1990 жылы Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Үйленген, 3 баласы бар.
2017 жылдан бастап Сәтбаев қаласындағы дін орталығының директоры қызметін атқарған. 2019 жылдан бастап Қарағанды облысы дін істері басқармасы конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығының басшысы қызметінде жұмыс істеді.
2022 жылдан тағайындалғанға дейін Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.