Жөндеу жұмыстары – назарда

Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша «Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен «Алмас Құрылыс Kazakhstan» ЖШС арасында «Тарадай көшесіндегі автокөлік жолдарын орташа жөндеу» бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалды.

Жалпы 2 280,6 шаршы метр асфальт (екі қабат) төселеді. Жаяу жүргіншілер жолының жалпы ауданы — 390,96 ш.м.

Бүгінгі күні мердігер ұйым фрезерлеу жұмыстарын бастап кетті. Жұмыстарды 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда.