Су тапшылығын жою – міндет
Жезқазғанда қалаішілік су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысына сәйкес «КазЕвроСтрой»ЖШС «Жезқазған қаласының қалаішілік су құбыры желілерін қайта жаңарту (2 кезек)» жобасын іске асыруда.
Өндірістік жұмыстар кестесіне сәйкес биыл 16 км су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарланған.
Суретте: 67-орамда жүргізіліп жатқан аулаішілік жұмыстар көрсетілген. Осы орамдағы тұрғын үйлерді жаңа су құбыры желілеріне қосу биылғы жылдың 10 тамызында аяқталады деп жоспарлануда.