Жезқазғанда орамішілік жолдарды орташа жөндеу жалғасуда
Биыл «Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ мен «Рокада-а» ЖШС арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт шеңберінде Жезқазған қаласының орамішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Бүгінде аулаларға асфальт төсеу жұмыстары келесі мекенжайлар бойынша жүргізілуде: Раскова көшесі, 3, 5, 7; Аманжолов көшесі, 2; Холмецкий көшесі, 52. Қазіргі уақытта 1800 шаршы метрден астам асфальт жабыны төселді.
Қазіргі уақытта жұмыстар Жаңасов көшесі, 3 және 5 учаскелерінде жалғасуда.
Жұмыстың аяқталу мерзімі — 2023 жылдың 1 тамызына дейін.