Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды Тәуелсіз Қазақстанның елордасы – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Уақыт өткен сайын Астана қаласы күнінің маңыздылығы артып, ол тек елордалықтар ғана емес, бүкіл еліміздің асыға күтетін мерекесіне айналды.
Сырт көркі жаңа дәуір талабына лайық сән-сәулетімен көз қуантып, талайларды тамсандырған жас Астана небір әлемдік деңгейдегі оқиғалар өткен орталық ретінде танылып үлгерді. Ізгі ниетпен төрін ұсынған бүгінгі Қазақстан астанасының халықаралық беделі асқақтай түсті. Күн санап көркейіп, жайнай түскен Астана жастықтың, жасампаздықтың жарқын үлгісіне айналып, әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тапты. Әсем қаламызды барша қазақстандықтар, соның ішінде киелі Ұлытау өңірінің барша тұрғындары да мақтаныш тұтып, Елорда мерейін асқақтатуға адал еңбегімен өз үлестерін қосуда.
Мерейлі мерекемен шын жүректен сіздерді құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасыға амандық, елімізге береке — бірлік тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.