Ұлытау ауданында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтті
Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Ұлытау орманшылығының 96 орамының 9 телімінде «Ұлытау ауданы аумағында табиғи өрттерді сөндіру»тақырыбында практикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған 72 адам, 17 техника қатысты.
Шара барысында арнайы техникалардың дайындығы тексеріліп, сақтық шаралары пысықталды. Сондай-ақ түрлі төтенше жағдайларды жою бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, берілген тапсырмалар өз деңгейінде орындалды.