Адал еңбек – ырыс бұлағы

Сәтбаев қаласында жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған облыс әкімінің грантын ұтып алған жас кәсіпкер өз кәсібін дөңгелетуде.

Қарағанды университетінің дефектология-логопедия мамандығында оқыған түлек дефектологиялық кемшіліктері бар балаларға логопедиялық сабақ үйретуде.

Алғашында өз қаражатына кабинетті жалға алған Айдана Көшербаева былтырғы жылы облыс әкімінің грантын ұтып алуға құжаттарын тапсырған. Осылайша 1 500 000 теңгелік грант иегері атанып, өзінің логопедиялық орталығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Айдана 20 баланы оқытуда.