Жылу науқанына әзірлік мығым
Мемлекеттік сатып алу туралы конкурс қорытындысы бойынша «А Company» ЖШС-мен «Жезқазған қаласының жылу желілерін жөндеу (1 бөлім)», «Жезқазған қаласының жылу желілерін ағымдағы жөндеу (2 бөлім)» нысандары бойынша келісім-шарт жасалды.
Сметалық құжаттамада 18,5 шақырым жылу желілерін жөндеу қарастырылған.
Суретте: №8 мектеп-гимназиядан Деев көшесі, 19 және 9Б-ға дейінгі жылу желілерінің учаскесі көрсетілген. Мұнда 1270 м құбыр ауыстырылады.
Жұмыстың аяқталу мерзімі — 2023 жылдың 1 тамызы.