Ұлытау облысында «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауы өтті
Іс-шараның басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау, оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру. Көрмелерді облыстық әкімдіктің қолдауымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.
Берік Әбдіғалиұлы жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты, конкурсанттармен сөйлесіп, отандық өнімдерге назар қойды.
Айта кету керек, «Қазақстанның үздік тауары» байқауына Ұлытау облысында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарлары мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер өндіретін 60 бизнес-субъект қатысты. Олар конкурсты ұйымдастырушы растаған өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін және оны жүйелі жақсартуды қамтамасыз ету бойынша оң нәтижелерге ие.
«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Алтын Ана» ЖК, «Ютария» өндірістік инновациялық компаниясы ЖШС және «Қосай KZ» ЖШС үздік деп танылды.
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар номинациясы санатынан – «Гелисханова Л.М.» ЖК, «Стивал Ман» ЖШС және «АРША» ЖШС табылды.
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясына – «Үлкен Отбасы» ЖШС, «Самади 2030» ЖШС және «Ұлытау-Нан» ЖШС ие болды.
Айта кетейік, өңірлік байқаудың жеңімпаздары Астанада өтетін «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық байқауына қатысады.