Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2023 жылдың 1-ші тоқсанында жүргізілген аудиторлық қызметінің көрсеткіштері

Департамент тарапынан 2023 жылдың 1-ші тоқсанында 7 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 822,3 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 805,8 млн. теңге немесе 98% (қаржылық+рәсімдік сипатағы бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 16,5 млн. теңге немесе 2% жалпы анықталған бұзушылықтар сомасынан.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны 805,8 млн. теңге, олардан Департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені 620,9 млн. теңге.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомада 16,5 млн. теңгеге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары анықталған, оның ішінде өткізілген мемлекеттік сатып алулардың бұзушылықтардың сомалары барлығы қорытындысына әсер ететін.
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, айыппұлдын жалпы сомасы 879,8 мың теңгені құрап, оның барлығы бюджет кірісіне толық көлемінде өндірілген.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 5 аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тартылған.
Сонымен қатар, жүргізілген камералдық бақылаумен 694 лоттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптары сақталмай жалпы барлығы 9,9 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталып, олар бойынша бұзушылықтардың түрі сиппаталып, орындау мерзімдері көрсетіліп, тиісті хабарламалар жолданған.
Өткен кезең ішінде, Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға және оған жол бермеуге бағытталған 37 іс-шаралар өткізілген.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарында 19 Департаменттің аудиторлық қызметінің көрсеткіштері бойынша мақалалар мен жарияланымдар жарияланған.