ЕСКІ ЖОЛ ЖАҢАРАДЫ

Биыл Қарағанды – Самарқа – Атасу – Айнабұлақ жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылы «Жаңа-Арқа 2006» ЖШС Қарағанды-Самарқа-Атасу-Айнабұлақ 159-174 шқ (15 шқ) жолын қайта қаптау әдісімен (ресайклирование) орташа жөндеу, қалыңдығы 7 см ұсақ түйіршікті асфальт жабынын төсеу және жол жиектерін нығайту жұмыстарын орындайтын болады.

Мердігермен 04.04.2023 бастап 931 млн теңге сомасына келісім-шарт жасалды.

Қазіргі таңда мердігер ұйым 10 шқ автомобиль жолын қайта қаптау әдісімен (ресайклирование) жөндеу жұмыстарын аяқтады, автогудронатормен битум қоспасы құйылды, қалыңдығы 7 см 7,2 шқ ұсақ түйіршікті асфальт жабынын төсеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстарды 30 қыркүйекте аяқтау жоспарлануда.