Жолдың жайы жақсара түспек
Жезқазғанда Айбасов көшесінде автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша «Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен «Алмас Құрылыс Kazakhstan» ЖШС арасында «Айбасов көшесіндегі автокөлік жолдарын орташа жөндеу» объектісі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалды.
Жалпы 2 380 шаршы метр асфальт жабындысы (екі қабат) төселеді. Жаяу жүргіншілер жолының ауданы 210 шаршы метрді құрайды.
Бүгінде мердігер ұйым фрезерлеу жұмыстарын бастады. Жұмыстарды 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда.