Ұлытау облысында сатылатын көмір бағасы жайлы

Еліміз бойынша, оның ішінде біздің облыста да көмір бағасының қымбаттауы жайында БАҚ беттерінде жарияланған ақпараттарға сәйкес төмендегі мәліметтерді хабарлаймыз.

Ұлытау облысының тұрғындары үшін көмір тасымалдаумен «Ferrit и К» ЖШС (Жезқазған қ.) және «Мирас» ЖК (Жаңаарқа ауданы) айналысады.

Өңір халқының 2022-2023 жылдар аралығында қара отынды тұтынуы 20 мың тоннаны құраған.

Қазіргі таңда отын базаларында 150 тонна көмір бар. Шұбаркөл көмірі — 130 тонна (орташа бағасы – тоннасына 17 150 теңге), 110 тонна – «Ferrit и К» ЖШС (бағасы – 17 500 теңге/тонна); «Мирас» ЖК – 20 тонна (бағасы – 16 800 теңге/тонна). Қарағанды көмір — («Ferrit и К» ЖШС) – 20 тонна (бағасы-тоннасына 14 500 теңге).

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғындарға арналған көмір бағасы 13% — ға өсті. Мәселен, 2022 жылы Шұбаркөл көмірінің бағасы тоннасына 15 500 теңгені, Қарағанды көміріне тоннасына 14 200 теңгені құрады.

Қазіргі уақытта көмірді өткізу орындарында отынның қоры жеткілікті.

Суретте: Жаңаарқа ауданындағы теміржол тұйығы.