ЖАҢА ҚҰБЫРЛАР ЖЫЛУ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
Жезқазғанды жылумен жабдықтауға үлкен диаметрлі жаңа құбырлар салынуда.
Облыс орталығында алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары жүргізілуде.
Жылумен жабдықтау құбырларының өткізу қабілетінің төмендігіне байланысты жылу энергиясы тапшы. Оның үстіне қаланың батыс тұрғын ауданында тұрғын үй құрылысы ұлғайып келеді, сол себепті Жезқазған қаласының әкімдігі №11 жылу магистралінің диаметрін ұлғайтуды (КСС-11-ден «Костенгол-Сай арқалығы» сорғысына дейін) және Кенесары хан шағын ауданына апаратын құбырдың диаметрін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қолданыстағы желілердің құбырлары диаметрі 820 мм және одан төмен да болатын.
Қазіргі уақытта Жезқазған қаласына диаметрі 1000 мм-ден асатын жылумен жабдықтау құбырларының бірінші партиясы келді.
Қазіргі уақытта жобалық ұйым – «Шаһар-Көкше» ЖШС құбыр диаметрлерінің ұлғаюын ескере отырып, ЖМ-11 қайта құру бойынша жобалық жұмыстарын аяқтады. Осылайша, құбыр диаметрін 820-дан 1200 мм-ге дейін (КСС-11-ден ТК-6-ға дейінгі учаске, Алашахан даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысы), 720-дан 1020 мм-ге дейін (ЖК учаскесінен) ұлғайту жоспарлануда.