Дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалі басталды

Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде республикалық «Ұлытау үні» фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Халықтық мерекеге айналған дүбірлі іс-шара биыл 31-ші рет ұйымдастырылып отыр. Салтанатты кешке Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қатысып, фестивальдің ашылуымен құттықтады.
«Ұлытау үні» фестивалі — қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін жаңғырту, сақтау, ұлттық рухани құндылықтарымызды насихаттау жолында қызмет етіп келе жатқан фестиваль. Осыдан 31 жыл бұрын көпшіліктің қалауымен дүниеге келген фестиваль өзінің ұстанған бағытынан айныған емес, керісінше, жыл сайын жаңа мазмұндағы іс-шаралармен толығып келеді»-деді өңір басшысы.
  Фестивальдің мақсаты: ұлттық фольклор мен халық шығармашылығын дамыту, өнер бәйгелерінде дүлдүлдердің бағын ашып, жұлдызын жағу.
 Айта кетейік, аталмыш дүбірлі дода 7-9 маусым күндері жалғасады.