Берік Әбдіғалиұлы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысына барды

«Күшті өңірлер-елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы аясында биыл Ұлытау облысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 7,7 мың шаршы метр немесе 90 пәтер болатын көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланған.
 Соның бірі Алашахан көшесі, 34Ж мекенжайындағы көп қабатты 30 пәтерлі кредиттік тұрғын үй. Оның құрылысы 2021 жылы басталды, есепті күні құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, пайдалануға беру актісі дайындалуда. Пәтерлер «Отбасы банкі» арқылы сатылатын болады.
 Екіншісі — Алашахан көшесі, 34ж 5 қабатты 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй. Құрылысы 2022 жылы басталды, 2020 жылы әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес пайдалануға беру мерзімі-2023 жылғы желтоқсан. Биыл құрылысты аяқтау үшін қалалық бюджеттен 781 млн. теңге бөлінді. ҚМЖ кестеге сәйкес жүргізіледі. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қазіргі уақытта жобаны түзету қажет. 31 мамырдан бастап бюджет қаражатын мақсатты пайдалану тұрғысынан аудит жүргізіледі. Аталған үйлер кезекте тұрған тұрғындарға беріледі.
 Қос құрылыс жұмысында да жылу желілері тартылған, алайда жылудың жетпеу қаупі бар, сол себепті де Берік Әбдіғалиұлы қаладағы жылу желілерін жаңарту жұмыстары сапалы түрде жүргізілу қажет екенін тағы бір рет ескертті.
 Облыс әкімі аралау жұмысының аяғында медициналық орталықтың артында заңсыз жиналған қоқыс полигонына арнайы барды.
 Өңір басшысы қала әкімдігіне рұқсат етілмеген орынды төгілген қоқыстардан тазарту, қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуді маусым айының аяғына дейін атқаруды тапсырды.