Ұлытау облысында «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмысын бастады
Бүгін облыс орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының алғашқы маусымының салтанатты ашылуы өтті.
Биыл облыс бойынша «Жасыл ел» қатарына 14-35 жас аралығындағы 500 жауынгер қабылданып, маусым-тамыз айларында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына қатысады.
Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 63 миллион теңге бөлінді. 14-16 жас аралығындағы жастарға 70 000 теңге, ал 16 жастан жоғары жастарға 105 000 теңге айлық төленеді.
Шара соңында жасақ мүшелері Ұлытау облысының ТЖД қызметкерлері өткізген өрт қауіпсіздігіне байланысты мастер-классқа қатысты.
Айта кетейік, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін аталмыш жоба 2005 жылдан бері табысты түрде жүзеге асып келеді.