Берік Әбдіғалиұлы Степлаг лагеріне барды
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Степлаг лагеріне арнайы барды.Аймақ басшысы зұлмат жылдардың жаңғырығындай мекенді аспан астындағы мұражай ету үшін жүргізілетін реставрациялық қалпына келтіру жұмыстардың жоспарымен танысты.
Степлагты аспан астындағы мұражай ету үшін бюджеттен 58 млн. теңге қаржы бөлінді.
Аталған жұмыс алты бөлімнен тұратын болады. Ол туралы «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» КММ басшысы Б.Көпбаев баяндады. Оның айтуынша жоспарланған жұмыстар аясында абаттандыру, асханасын, бұрынғы №1,2,3 барактартарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Берік Әбдіғалиұлы Степлаг — тарихтан дерек беретін орын ғана емес, рухани азық болатын мекен екенін атап өтті. Сонымен қатар өңір басшысы тарихи орын өзінің лайықты бағасын алуы керектігін және жоғарыда аталған жұмыстардың жылдам әрі сапалы жүргізілу қажеттігін тапсырды.