Қырық жылдан соң жөндеу жұмыстары басталды
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев айтып берді. Оның айтуынша, республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» автожолы 40 жыл ішінде бір де бір рет ауқымды жөндеу жұмысын көрген емес.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен шамамен 200 шақырым қамтылды. Мердігерлер арнайы техниканы жұмылдыруды, асфальтбетон зауыттарын және ұсақтау-сұрыптау қондырғыларын орнатуды аяқтайды. Маусым айының басынан бастап мердігерлер құрылыс жұмыстарына толық күшімен кірісе алады», — деп жазды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев.