«Түлектерден-табиғатқа» тақырыбында плоггинг ұйымдастырылды
Ұлытау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 26 мамырында 11-сынып оқушыларының, ата-аналардың және педагогтердің қатысуымен «Түлектерден-табиғатқа» тақырыбында плоггинг ұйымдастырылды.
Плоггинг салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғауға азаматтық белсенділік қалыптастыру және жұртшылық назарын экологиялық проблемаларға аударту мақсатында өтті.
Плоггинг барысында түлектер, ата-аналар мен педагогтер жүгіріп жүріп қағаз, пластик заттар, целлофан сияқты көтеруге ыңғайлы заттарды жинап, табиғатты қоқыстан тазартты.
Аталған шараға 1420 түлек, 120 педагог, 35 ата-ана қатысты.