Ұлытау облысында жетекші мектептердің бірінші облыстық форумы өтті
Форумға облыстың аудан, қалаларынан 140 тан астам педагог қатысты. Жетекші мектеп, серіктес мектеп директорлары, зерттеуші педагогтерге арналған бұл форум инсайттарға толы, тәжірибе алмасу алаңына айналды. Әр педагог өзіне жауапкершілік ала отырып тәжірибесін жақсартуға бағыт бағдар алды.
Постерлік көрме, секциялық отырыстардың жұмысы, брифинг, форумның қорытынды резолюциясы жетекші мектеп жұмысын жүйелеуге жақсартуға бағытталды.
Постерлік көрме — жетекші мектептердің жылдық жұмысына арналды.
Үш секциялық отырыстың екеуінде workshop ұйымдастырылды. Workshop барысында жетекші мектеп директорлары серіктес мектебінің мәселесін анықтады. Білім сапасын арттыруға бағытталған сабақты зерттеу тәсілін серіктес мектебінде жүргізуге жауапкершілік алды.
Екінші workshop жетекші мектеп үйлестірушілеріне арналды. Бірлесе талқылау арқылы, өз тәжірибесіне үңіле отырып жетекші мектеп үйлестірушілері жетекші мектеп мақсаты мен міндеттерін айқындады, жетекші мектеп моделін тұжырымдады. Желілік қауымдастықтың кәсіби дамуына ықпал ететін 5 бағыттын жоспарлау үдерісінде қолдану ұсынылды.
Бір секция жұмысы lesson study: идеядан тәжірибеге деп аталды. Бұл тректе зерттеуші педагогтер өз тәжірибесін баяндама арқылы көрсетті.
Брифингте конференцияға барып келген мұғалімдер сабақты зерттеу және қоғамдастықтар туралы ой түйіндерімен бөлісті.
Форум барысында қарастырылған тақырыптар төңірегінде сауалнама алынды, форумның қорытынды резалюциясы шығарылды.