Ұлытау облысы тұрғындарының назарына!
Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы биыл сәуір айынан бастап «Ауыл Аманаты» ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру басталғанын хабарлайды.
Бағдарлама аясында облысымыздың ауыл тұрғындары бизнес-жобаларды дамытуға шағын несие ала алады.
Микрокредит жылдық 2,5% — бен, 5 жыл мерзімге беріледі (мал шаруашылығы жобалары бойынша 7 жылға дейін). Жеңілдік кезеңі (демалыс) — 1 жыл.
Микрокредиттің ең жоғары сомасы:
— ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) — 2,5 мың АЕК-ке дейін (8,6 млн. теңгеге дейін);
— ауылда кооперативтерді дамыту үшін-8,0 мың АЕК-ке дейін (27,6 млн.теңгеге дейін).
Сондай-ақ микрокредит шарттарының бірі салық органдарында тіркеуі болуы керек, яғни ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Қарыз алушыда кепіл болуы керек.
Микрокредит мынадай бағыттарға беріледі:
— өсімдік шаруашылығын дамыту, оның ішінде жылыжай құру;
— жемшөп өндірісін дамыту;
— өсімдік шаруашылығы және (немесе) мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу объектілерін құру;
— етті және сүтті мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, ешкі шаруашылығын және үй құс шаруашылығын дамыту;
— ауыл шаруашылығы саласындағы тауарларды өндіру және қайта өңдеу;
— ауыл шаруашылығы техникасы мен ауыл шаруашылығы жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциясын құру, кеңейту және жаңғырту.
Сондай-ақ, мынадай мақсаттар үшін микрокредит беруге рұқсат етіледі:
— кез келген тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы;
— ойын-сауық нысандарының қызметі үшін.
Микрокредит беруге өтінімдерді қабылдауды «Ұлытау «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жүзеге асырады, Жезқазған қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 23а мекенжайы бойынша орналасқан, онда «Ауыл Аманаты» бағдарламасы туралы толығырақ ақпарат алуға немесе +77054136935 нөміріне қоңырау шалу болады.