Қарсақпай кентінде суды тазартуға арналған блок-модуль орнатылады
Қарсақпайда 1300-ге жуық тұрғын тұрады. Мұндағы судың тәуліктік қажеттілігі-274 текше метр, жылдық қажеттілігі – 100 010 текше метр.
Мұндағы ауыз су ашық су қоймасынан сумен жабдықтау желісі (14 км) арқылы қамтамасыз етіледі. Суды тазарту — топырақты сүзіп, хлорлау, дезинфекциялау арқылы жүзеге асырылады. Резервуарлардың көлемі (2 дана) 250 текше метрді құрайды.
Қазіргі уақытта кентте суды тазарту үшін блок-модуль орнату жұмыстары жүргізілуде. Ол — жылыту электр қондырғысымен, екі су тазарту сүзгісімен және әрқайсысының сыйымдылығы 750 литр болатын екі су жинау цистернасымен жабдықталған. Тәулігіне су берудің максималды қуаты 4000 л құрайды.
Қазіргі уақытта орнату жұмыстары аяқталып, қазір қабылдау процесі жүргізілуде. Мердігер ұйым — «Керуен 21».